Алматыда мектеп терезесінен құлаған оқушы ауруханадан шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда мектеп терезесінен құлап кеткен бірінші сынып оқушысы ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол енді амбулаторлық ем қабылдайды», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске салайық, оқиға 10 қыркүйек күні болды. Бірінші сынып оқушысы №80 мектептің екінші қабатынан құлап кетті. Оған «бас сүйегінің жарақаты, мидың шайқалуы, аяғының төменгі жағының екі жерден сынуы» диагноздары қойылды. Кейін Алматы қалалық Білім басқармасының бастығы Гүлнәр Қожабергенова оқиғаға қатысты түсінік берді.




Соңғы жаңалықтар