Алматыда мектеп оқушылары пышақтасты, жарақат алғандар бар

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мектеп оқушылары төбелесіп, екі оқушы пышақ жарақатын алды. деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Алатау ауданына қарасты «Ақкент» шағынауданында болды. Алматы қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Анықталғандай, жасөспірімдер арасында жанжал шығып, салдарынан екеуі пышақ жарақатын алды. Күдікті анықталып, қамауға алынды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда», -деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар