Алматыда мектеп оқушылары арасында қаржылық олимпиада өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ертең Сапарғали Бегалин атындағы балалар кітапханасында мектеп оқушылары арасында қаржылық олимпиада өтеді. 5-7 сынып оқушыларының 7 командасы тиімді бизнес-жоспар, қаржылық сауаттылық бойынша өзара сайысқа түседі.

Айта кету керек, бұл оқушылар Әйелдер көшбасшылығы қоры мен белгілі банктің ұйымдастыруымен жүзеге асқан «Қазақстан балаларының қаржылық сауаттылығын арттыру» бағдарламасын толығымен тәмамадады.

Бұл жоба биыл сәуірден қарашаға дейнгі аралықта өтті. Сабақтар 8 мектепте жүргізілді. 1000 жуық оқушы арнайы қаржылық сауаттылық сабақтарын үйренді. 140 бала толық курсты өткені туралы сертификатқа қол жеткізді. Сондай-ақ, жоба аясында 5 мың тиражбен «Қаржы әлеміне саяхат» кітабы жарық көрді. Бұл кітаптар қаланың барлық мектептері мен кітапханаларына тегін жеткізілді.

Ертең өтетін олимпиада жүзеге асқан жобаның алғашқы нәтижелерін көрсету болып табылады.

Ұйымдастырушылар келесі жылы мұндай сайысты халықаралық деңгейге шығармақ. Яғни, қазақстандық оқушылар Беларусь, Ресей елдерінің жасөспірімдерімен сайысқа түседі.

«Біздің ешқайсымызды қаржылық сауаттылыққа үйреткен жоқ. Бар мәліметтерге сүйенсек, Қазақстандағы отбасылардың 30 пайызы ғана отбасылық бюджет дегенді түсініп, оны жоспарлай алады. Бұл олқылықты жою біздің басты мақсатымыз болды. Жақсы бизнес ұстаздар тағайындалды. Жақсы әдістеме жасалды. Балалар ойын түріндегі қызықты сабақтар өтті. Болашақта курстан алған білім балаларымызға пайдасын тигізеді деген үміттеміз», - деді банктің қоғаммен байланыс жөніндегі қызмет басшысы Ирина Шейкина.

Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының өкілі Мақсат Сералының айтуынша, мұндай факультативті сабақтарды мектеп бағдарламасына енгізу өте қажет.

«Көптеген Еуропа елдерінде қаржылық сауаттылыққа үйрететін факультативті сабақтар бар. Әсіресе, қазіргі дағдарыс кезінде балаларға қаржылық сауаттылықты үйрету өте пайдалы. Біздің палатаға оқушылар өз бастамаларымен жиі келеді. Олардың көбі ІТ-технология, бағдарламалау саласындағы өздерінің өнертапқыштық жүйелерін көрсетеді. Бірақ, өкінішке орай оларға біз ешқандай көмек көрсете алмаймыз. Өйткені, ұлттық палата тек 18 жастан асқан жасөспірімдерге ғана консультативті қолдау көрсете алады», - деді Мақсат Сералы.

Соңғы жаңалықтар