Алматыда мектеп директоры сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда №172 жалпы білім беретін мектеп директоры сотталды. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

2014 жылдың мамыр айында аталмыш білім беру мекемесінің директорына қатысты ҚР ҚК 307 бабының 1 тармағы бойынша (лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғалған болатын.

Медеу аудандық соты бұрынғы директорды айыпты деп тауып, 2,5 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

Соңғы жаңалықтар