Алматыда мектеп автобусын сатып алуға 5,3 млрд теңге бөлінеді

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 5,3 млрд теңгеге 100 мектеп автобусы сатып алынбақ. Бұл туралы қалалық мәслихаттың XXVII сессиясы барысында қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша оқушыларды мектепке тасымалдайтын автобустар пилоттық режимде іске қосылады.

«Қала әкімі пилоттық жоба ретінде оқушыларды мектепке тасымалдау туралы шешім қабылдады. Осыған орай, бюджетті нақтылау кезінде жалпы сомасы 5,3 млрд теңгеге 100 мектеп автобусын сатып алу жоспарлануда», - деді Асқар Амрин.

Бұған дейін қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева Алматыда 38 мыңға жуық бала мектеп автобустарына мұқтаж екенің айтқан болатын.

Айтуынша, мектеп автобустары, ең алдымен аса қажет аудандарға енгізіледі . Пилоттық жобада төрт аудан таңдап алынды. Атап айтар болсақ, Бостандық, Наурызбай, Алатау және Медеу.

Маусым айында мегаполис басшысы Ерболат Досаев келесі жылы «Мектеп автобустары» бағдарламасы жүзеге асырылатынын айтқан еді.






Фото: abai.kz



Соңғы жаңалықтар