Алматыда мектеп ауласындағы ағаштарды заңсыз кескендер орнына 200 тал егуге тиіс

None
Фото: t.me/kozachkow
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда №189 орта мектептің ауласында төрт ағаш заңсыз кесілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда мектеп ауласында заңсыз кесілген ағаштар туралы мәлімет пен фотолар әлеуметтік желіге шықты.

Алматы әкімдігі Қазыбек Тауасарұлы көшесі, 27 мекенжайында орналасқан №189 мектеп ауласында заңсыз ағаш кесу фактісі болғанын растады.


«Экология және қоршаған орта басқармасына мектеп атынан өтініш келіп түспеген, демек, ағаш кесуге рұқсат берілмеген. Құқық қорғау органдарының қатысуымен бірлесіп қосымша тексеру кезінде жапырақты 4 ағаштың кесілгені анықталды. Осыған орай қалалық экология және қоршаған орта басқармасы тарапынан Бостандық ауданының полиция басқармасы мен Алматы қаласы табиғат қорғау полициясына ҚР заңнамасына сәйкес шара қолдану жөнінде хат жолданды», - деп хабарлады әкімдік.

Сондай-ақ келген шығын көлемі - 110 АЕК, орнына отырғызуға міндетті ағаш саны - 200.


Соңғы жаңалықтар