Алматыда «мефедрон» есірткісін сатып жүрген жас жігіт ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «мефедрон» сатқан 24 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жедел-іздестіру шарасы барысында Алматы қаласының полицейлері психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен 24 жастағы А. есімді азаматты ұстады.

Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде ақ түсті ұнтақ заты бар полиэтилен пакеттері мен қағаз пакеттері анықталып, тәркіленді.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар мен сол тектестерге сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қорытындыға сәйкес тәркіленген заттар «мефедрон» психотроптық заты болып шықты.

«Осы қылмыстық іс аясында жүргізілген қосымша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Наурызбай ауданының аумағынан есірткі салынған тағы 40 полиэтилен пакеті табылды. Алматыда шөптің жеткізу арнасы анықталып жатыр», – деп түйіндеді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.


Соңғы жаңалықтар