+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Алматыда медициналық мекемелерге 17 өкпені жасанды желдету аппараты табысталды

2020 жылғы 8 сәуір 18:48
Бөлісіңіз:
Алматыда медициналық мекемелерге 17 өкпені жасанды желдету аппараты табысталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының медициналық мекемелеріне коронавирус салдарынан пайда болған өкпе ауруын емдеу үшін 17 өкпені жасанды желдету аппараты табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус мутациялана бастады: Жаңа вирусқа 20A.EU1 деген атау берілді ПТР-анықтамасы жоқ шетелдіктер ұшаққа отыра алмайды – апталық шолу Қытай бірқатар шет мемлекеттен келетін жолаушылардың елге кіру талаптарын күшейтті

Алматы қаласы әкімдігінің сұранысы бойынша коронавирустық COVID-19 індетінің ауыр зардабын болдырмау мақсатында ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев және бизнесмен Қайрат Боранбаевтың қолдауымен өкпені жасанды желдетудің 17 стационарлы және мобильді аппараттары сатып алынды.

Бұл аппараттар Қазақстанда Hamilton Medical AG (Швейцария), Puritan Bennett (Covidien, АҚШ) өндіруші компаниялары атынан тіркелген.

ResMed (АҚШ) компаниясының инвазивті және инвазивті емес өкпені жасанды желдету мобильді аппараттары COVID-19 індетімен күресіп жатқан Алматының медициналық мекемелерінің жедел жәрдем көліктерін жабдықтауға үшін ҚР территориясына кіргізілді.

Бұдан бұрын қайырымдылық көмек ретінде Тимур Құлыбаев пен бизнесмен Қайрат Боранбаевтың қаражатына COVID-19 індетіне диагностика жасайтын мобильді орталығы бар Ford Tranzit жедел жәрдем автокөліктері сатып алынған болатын. Көліктер Алматының медициналық мекемелеріне берілді.

Бұл көліктер Алматы мен қаладан алыс орналасқан және маңайындағы аудандардан өкпе ауырына шалдыққандарды тасымалдау үшін қолданылатын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT