Алматыда медицина ұйымдарына 116 млрд теңге төленді

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат – МСҚ алматылық медицина ұйымдарына халыққа көрсеткен медициналық қызметтері үшін 116 млрд теңгеден астам ақша төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін 116 млрд теңге төледі. Қаржы тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) шеңберінде бөлінді.

Естеріңізге сала кетсек, медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын кепілдендірілген тегін көмек пакетінің операторы болып табылады. 2020 жылдан бастап Қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің ақысын төлей бастамақ.

Жалпы, Алматы қаласында 176 медицина ұйымы Медициналық сақтандыру қорымен мемлекеттік тапсырысты орындау жөнінде келісімшарт бекіткен. Оның басым бөлігі – жеке меншік клиникалар. 2019 жылға бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 119,3 млрд теңгені құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар