Алматыда медицина қызметкерлеріне қол көтерген ер адам жазаланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жан сақтау бөлімінде медициналық қызметкерлерді соққыға жыққандар сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімшілік сотында бұл іс 19 қыркүйекте қаралды.

Судья ер адамға медбикеге қол көтергені үшін 10 АЕК (25 250 тенге), санитарға қол көтергені үшін 15 АЕК (37 875 тенге) мөлшерде айыппұл салды.

Сотталушы мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, жалпы айыппұл көлемі 30 пайызға қысқарды.

«Мен үшін ең маңыздысы ол өз айыбын мойындады. Бірақ сот залынан шыққан соң ол бізге нешетүрлі балағат сөз айтты»,- деді медбике Маржан Хасенова.

Айта кетейік, № 7 ауруханада ер адам жансақтау бөлімінде жатқан туысқанына кірем деп, шу көтерген болатын.Кіруге тыйым салған ол медбике мен санитар әйелге қол көтерген.



Соңғы жаңалықтар