Алматыда медицина қызметкерлері жалпықалалық флешмоб ұйымдастырды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда медицина қызметкерлері кәсіби мерекелеріне орай флешмоб ұйымдастырды. «Атакент» көрме кешенінің алдында 300-ге жуық дәрігер «Ақ халатты абзал жандар - салауатты өмір салты үшін» ұранымен аэробика биін биледі.

«Бүгін Алматы қаласының жетекші медициналық қызметкерлері, дәрігерлері, басқарма қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттап жалпы қалалық флешмоб ұйымдастырып жатыр. Біз халық денсаулығының сақшысында тұрғандықтан, өзіміз бірінші үлгі көрсеткеніміз абзал. Біздің дәрігерлер спорттық шараларға белсенді қатысады. Алматының визиттік карточкасына айналған велобәйгеде де бірнеше дәрігеріміз жүлделі орындардан көрінген. Қазір аталған шара барлық қалалық медициналық мекемелерде болып жатыр. Көңіл-күйіміз тамаша», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова.

Сонымен қатар бүгін алматылық дәрігерлер ұлттық спорт түрлері - арқан тарту мен қол күресінен сайысқа түседі. Ал кешкі сағат 18.00-де медициналық қызметкерлер арасындағы қалалық спартакиаданың қорытындысы шығарылады.

Айта кетейік, 8 маусым күні қала басшысы Ахметжан Есімовтің қатысуымен велошеру өтеді. Жарыс әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшесінің қиылысынан басталып, Жароков көшесіне дейін жалғасады, одан кейін Жароков көшесімен төмен түсіп, Абай көшесіндегі Орталық стадионда аяқталады.

Соңғы жаңалықтар