+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Алматыда медицина қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырған

2021 жылғы 21 қаңтар 13:42
Бөлісіңіз:
Алматыда медицина қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырып кеткен. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне анасы шағымданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада бесінші қабаттан секіріп кеткен 14 жастағы қыз қайтыс болды Ақтаудағы тұрғын үйдің кіреберісінде жабайы түлкі видеоға түсірілді Лионда бомбаны залалсыздандыру үшін 4,5 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Facebook қолданушысы 14 жастағы ұлының Горький атындағы паркте сырғанап жүріп құлап қалғанын жазды.

«Бала паркке досымен барған. Қатты соққыдан бала есінен танып қалған», - деді ол.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем бала мен оның досын 12 қалалық ауруханаға алып кеткен.

Ауруханада жедел жәрдем қызметкерлері баланың телефонынан ЖСН нөмірін алып аурухананың ауласында қалдырып кеткен.

«Досының айтуынша, оларды аурухана қабылдамаған. Себебі, баланың жасы 15-ке толмаған. Фельдшер оларға балалар ауруханасына баруға кеңес берген. Осылайша басы жарылған кәмелетке толмаған баланы көшеде қалдырып кеткен», - деді анасы.

Балалардың қалтасында артық қаражат болмаған. Олар үйіне жаяу жеткен.

«Үйге келген соң жедел жәрдем шақырдым. Олар келіп баланы №1 балалар стационарына алып кетті. Сол жерде жарақатын тігіп, ауруханаға жатқызды», - деді анасы.

Осы мәселеге байланысты баланың анасы полицияға шағымданған.

Қалалық Жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметінде бұл ақпаратты растады.

«Бұл дерек бойынша барлық дерек жинақталды. Бүгінде фельдшерге қатысты тәртіптік кеңес өткізілді. Фельдшер 2 жыл жұмыс істеп жатыр. Мінез құлқы сабырлы. Өз айыбын мойындады. Комиссия шешіміне сәйкес тәртіптік шара қолданылды», - деді жедел жәрдем қызметінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT