Алматыда Медеуге дейін жаңа автобустар жүре бастады

None
None
АЛМАТЫ ҚазАқпарат - Алматыда Медеуге дейін жаңа автобустар қатынай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында №12 бағыты бойынша «Қазақстан» қонақ үйінен «Медеу» биік мұз айдынына дейін баратын жаңа автобустарды  көрді.

Алматыда биылғы көлік реформасы аясында сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынды. Олардың 195-і бағыттар бойынша қызмет көрсетуде, тағы 200 жаңа автобус қалаға келді және олар кезеңімен  жолға шығады. Өз кезегінде жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алды. Олардың 91-і қала жолдарында рейске шықты.

Жалпы мамандардың айтуынша, қаланың автобус паркінің  30%-ға жаңаруы және бағыт желісінің ұлғаюы  жолаушылар легін 20,6% арттырды. Қоғамдық көліктер 2016 жылы 174,6 млн  адам тасымалдаса, 2017 жылы 220,1 млн адам тасымалдаған. Тасымалдаушы жоспарлы шығуды қамтамасыз ете  алмаса, интервал мен жылжымалы құрамды жаңарту «Алматыэлектротрансқа» беріледі. Мысалы, №70  бағытта автобустар жаңарды, интервал қысқарды, соның арқасында жолаушылар легі 12 есе өсті.  Яғни тәулігіне 395 адамнан 4,6 мың адамға дейін жетті. Жақында №201  бағытқа шыққан 18 метрлі автобустар күніне 11,6 мың адамды тасымалдап жүр.
null

 №12 бағыты бойынша  жолға шыққан 12-метрлі төмен еденді  автобустар Еуро-5  экологиялық санатына сай,  сыйымдылығы 100  адамнан жоғары, кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен,пандустармен және басқалармен толық жабдықталған. Аталған бағытты «Алматыэлектротранс» ЖШС ұйымдастырды. Жай күндері автобустар арасындағы интервал алты  минутқа қысқарған, ал демалыс күндері екі минутқа азайған.

 Босаған автобустарды «Green Bus company»  ЖШС  №120 бағытты күшейту үшін пайдаланады,   кейін бұл бағыт айналмалы болады.

Еске салсақ, бұрындары Алматыда көлікті реформалау аясында №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа  автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта  ашылып, көліктер  №201 магистральды бағыты бойынша жүре бастаған еді. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерге толық көлік қызметін көрсету  масқатында сегіз бағыт ашылған болатын.

Соңғы жаңалықтар