Алматыда «Медеу» тау шаңғысы кешенінің кассасы өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Медеу» тау шаңғысы кешенінің кассасында өрт шықты. Бұл туралы «Шымбұлақ» ТШК баспасөз қызметінен хабарлады.

Тілсіз жау қазіргі уақытта ауыздықталды. Оны сөндіруге өрт қызметінің 2 көлігі жұмылдырылды. Жалын касса ішіндегі жиһаз бен техниканы шарпыған. Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрт төменгі кассадан шыққан. Қазіргі таңда себебі анықталуда. «Алдын ала болжам бойынша, өрт электр тоғының тұйықталуынан болған. Жапа шеккендер мен құрбан болғандар жоқ», - деді «Шымбұлақ» ТШК баспасөз қызметінің қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар