Алматыда Медеу-Шымбұлақ жолы жабылды

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тауда абай болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, Медеу-Шымбұлақ автожолының диспетчерлік постының жанында Медеуге, Шымбұлақ-Тұйық су тас жолына «Шымбұлақ» тау шаңғы курортынан жоғары, сондай - ақ Алматы-Үлкен Алматы өзенінің автожолына, «Аюсай» шатқалына апарар жолға бекеттер қойылды.

«8- 9 наурыз аралығында Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні болуы мүмкін»,- деп хабарлады ведомстводан.

Құтқарушылар тұрғындарды қар көшкінін тудырмау үшін тау беткейлеріне шықпауға, сондай-ақ жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға, тауда жаяу серуендеуден бас тартуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар