Алматыда «Медеу-Шымбұлақ» жолы жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Медеу-Шымбұлақ» тас жолы 15–ші қыркүйекке дейін жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«25 тамызда «Медеу-Шымбұлақ» тас жолының Медеу шлагбауымынан жаңа көпірге дейін орташа жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты бұл жол 25 тамыздан 15 қыркүйеке дейін жабылады», - деп хабарлады қалалық әкімдік.

Осыған байланысты кептеліс болмас үшін Медеу, Шымбұлақ бағытымен жүретін Алматы тұрғындары мен қонақтары бағдарын алдын ала жоспарлауы керек.


Соңғы жаңалықтар