Алматыда «Медеу» мұз айдынының мерейтойлық маусымы ашылды
2021 жылғы 6 қараша 15:40

Алматыда «Медеу» мұз айдынының мерейтойлық маусымы ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Медеу» мұз айдынының 50-ші мерейтойлық маусымы ашылды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мұз айдыны 2500-ден астам адам қабылдай алады. Кіру – Ashyq арқылы.

«Сеанс 3 сағатқа дейін созылған. Демалыс пен мереке күндері кешкі мұз айдыны түн ортасына дейін жұмыс істейді. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін «Медеуден» №12 автобустың соңғы маршруты түнгі сағат 00.30-да шығады. Сонымен қатар, «Балуан Шолақ» спорт сарайы - «Медеу» мұз айдыны бағыты бойынша экспресс-маршруттың жұмысы қайта жанданды. Экспрестер демалыс пен мереке күндері 9.00-ден 19.00-ге дейін жүреді», - деп жазды қала әкімі.

Еске салсақ, бұдан бөлек «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты аймағында JAC iEv7S маркалы сегіз электромобиль және SAIC MAXUS EV90 екі электр микробусы жүре бастағанын жазған едік.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT