Алматыда Медеу ауданының жоғарғы жағында орналасқан тұрғын үйлерге су жеткізілмей жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Медеу ауданының жоғарғы жағында орналасқан тұрғын үйлерді сумен қамтуда кедергілер болып жатыр. Бұл туралы «Бастау» МКК баспасөз қызметінің маманы Серік Шағыров мәлімдеді.

Суық судың не себепті берілмей жатқанды жайлы «Алматы су» МКК-нің қызметкерлері түсінік беруден бас тартты. «15 наурызда басталған жұмыстардың аяқталмауына байланысты Медеу ауданының Митин көшесінен бастап «Медеу» спорт кешеніне дейінгі үйлерге және «Көктөбе-1», 99«Көктөбе-2» аудандарының тұрғындарына су бірде беріліп, бірде тоқтатылып жатыр. Біздің кәсіпорынның қызметіне қатысы жоқ болғандықтан, су беру қашан реттелетіндігін айта алмаймын», - деді баспасөз қызметінің маманы Серік Шағыров. Сонымен қатар, оның айтуынша, ертең, яғни, наурыздың 18-інде таңғы сағат 9-дан кешкі 19:00-ге дейін Розыбақиев, Тимирязев, Жандосов, Тургут Озал, Сәтбаев көшелері, Гагарин, Жандосов, Солодовников көшелерінің шаршысында орналасқан тұрғын үйлерге суық су беру тоқтатылады. Аталған аймақтың су желісінде апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек.

Соңғы жаңалықтар