Алматыда Медеу ауданында «Нұр Отан» партиясының филиалы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Медеу ауданында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ашылды. Жаңа ғимарат Радлов көшесінде орналасқан.

Ғимараттың ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов пен қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты.

Партия белсенділерімен кездесуінде «Нұр Отан» партиясы ендігі жерде өңірлік филиалдардың жұмысына баса назар аударып, жергілікті халықпен тығыз байланыстың қайнар көзі бастауыш партия ұйымдары мен қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысына басымдық беретін болды.

«Біз осы бағытта халықтан түсіп жатқан арыз-шағымдар бойынша терең талдау жүргізуіміз керек. Яғни, шағым қандай себеппен, қандай орган жұмысына байланысты түскенін нақты анықтап, оның шешілуіне ықпал етіп, шешімін таппаған жағдайда тиісті орган басшыларына шара қолдану қарастырылуы тиіс», - деді А.Мырзахметов.

Сондай-ақ, бюджеттің атқарылуы мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына, мемлекет қаржысының ел игілігіне шашаусыз, тиімді жұмсалуына партиялық бақылауды күшейтуге баса назар аударылады.

Соңғы жаңалықтар