Алматыда «Мазда» көліктерін ұрлаумен айналысқандар ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы «Мазда» көліктерін ұрлауды кәсіп қылған қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстанның әр облысынан келген 4 ер адам Алматы тұрғындарының «Мазда» маркалы көліктерін айдап кетіп, үйлеріне әкеліп, бөлшектеп отырған. Осылайша, 4 көліктің бөлшектерін өздерінің таныстары арқылы сатып отырған. Белгілі болғандай, олар 10 шақты көліктен бейнетіркегіш пен айна ұрлаған. Олардың таныстарынан «БМВ», «Лексус» пен «Мерседес» айналарына деген сұраныс көп болған», - деді қалалық ІІД басқарма басшысының орныбасары Пархат Мадалиев. Қазір полиция бөлімшелері қылмыстық жолмен келген автобөлшектерді сату орындарын тексеру жүргізіліп жатыр. «Тәжірбе көрсеткендей, мұндай қылмыстық топтар өздерінің заттарын тұрақты орындар арқылы сатады. Ал қылмыстық жолмен табылған затты сатып алушылардың әрекеті де ҚР ҚК 196 бабымен жазаланады. Осындай деректер расталса, күдікті тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады», - деді П.Мадалиев.

Соңғы жаңалықтар