Алматыда маймыл салған сурет көрмесі өтті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұңғыш рет маймыл салған сурет көрмесі өтті. Томирис атты шимпанзені қылқалам шеберлігіне зообақ қызметкерлері үйреткен. Бұл туралы Алматы зообағының баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумов хабарлады.

Шығармашылық көрмесі тек зообақ қызметкерлерінің ғана емес кәсіби суретшілердің де қызығушылығын туғызып отыр.

Келушілердің назарына 10 сурет қойылған. Бұл шығармашылық «иесінің» сақталған нұсқалары. Басқаларын зообақ тұрғындары жойып отырған.

Приматтар секциясының жетекшісі Шолпан Әбдібекова шимпанзеге сурет салуды өзі үйреткен. «Қылқалам шеберіне» бояу, қағаз, тағы басқа құралдарды «Юннат» жас натуралистер клубы тауып берген.
null null null null null

Соңғы жаңалықтар