Алматыда майдангер ақын Леонид Гирштың таңдамалы жинағы жарық көрді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда достық үйінде ақын, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Леонид Гирштың «Соғыс пен бейбітшілік туралы өлеңдер» атты кітабының тұсаукесері өтті. 

Шараға қатысқан  Алматы қаласы әкімі орынбасары Арман Қырықбаев жиында сөз алып  ақынды кезекті жинағының жарыққа шығуымен құттықтады.

null« Бүгінгі жиналысымызда бір символикалық мән бар сияқты. Неге десеңіз, біз осы арқылы алдыңғы буын ағаларды қастерлеп, олардың атқарған жұмысын әспеттеп  кейінгі жастарға үлгі көрсетеміз деп ойлаймын. Сонау қанды күндердерге оралып, азапты сәттерді еске алып, оны қағазға түсіріпсіз»,-деді ол.

nullЖазушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов те шараға қонақ болып, ақын қуанышына ортақтасты.

null«Сіздің кітабыңызды қолыма алғаныма өте қуаныштымын.  Осы жасыңызда кезекті кітабыңызды шығарып жатқаныңызға ризамын. Ардагер, полковник, майданда от кешкен адамның бүгінде жаны шығармашылық энергияға толы. Жолдас полковник, кезекті жеңісіңіз құтты болсын!»,-деді Олжас Сүлейменов. 

nullАлматы қаласының құрметті азаматы, ардагер Леонид Гирш 94 жаста. Өмірінің жартысын әскери қызметке арнаған ол майданнан оралған соң шығармашылыққа ден қояды. Зұлмат заманның көріністері баяндалған бірнеше жинағын жарыққа шығарады.  «Близко к сердцу», «Наедине с памятью», «Прохладные травы», «Сквозь пламя войны» кітаптарының авторы соғыс тақырыбында ғана қалам тербейтінін баса айтты.

null«Менің бірнеше жинағым жарық көрді. Басқа тақырыпты қозғамаймын. Тек соғыс туралы жазамын. Себебі бұл менің көз алдымнан өткеріп, бастан кешкенім.  «Соғыс пен бейбітшілік туралы өлеңдер» атты кітабым таңдаулы деген жырларымнан тұрады. Жастарға өлеңдерім арқылы соғыстың бейнесін бере алдым деп ойлаймын, ендігі жауап оқырманнан»,-деді ардагер ақын Леонид Гирш.

nullАрайлым Жолдасбай

Соңғы жаңалықтар