Алматыда маусым айында жаңа екі метро бекеті ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Әуезов ауданында орналасқан «Сарыарқа» және «Момышұлы» бекеттері маусым айында ашылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маусым айында жаңа екі метроны іске қосамыз. Олар «Сарыарқа» және «Момышұлы» бекеттері. Бұл метрополитеннің тәуліктік жолаушылар ағынын 40 мыңнан 86 мыңға дейін арттырады», – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде.

Еске салайық, былтыр желтоқсан айында аталған екі метро станциясы техникалық тексеруден өткен болатын.

«Сарыарқа» станциясы «Фэмили» паркінің ауданында орналасқан, терең төселген, пилон типті, қозғалысы шектеулі топтар үшін 2 лифті, 8 экскалаторы бар екі кіру тобынан тұрады.

«Б. Момышұлы» станциясы Абай даңғылының астында, Б. Момышұлы көшесінің батысында орналасқан. Шағын құрылыс станциясы, колонна типті. Ол екі жерасты лоббиінен және алты кіру тобынан тұрады, 6 лифт және 15 эскалатор қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар