Алматыда Мәслихат депутаттарын сайлаушылардың саны 1 млн. 30 мың болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Достық үйінде ҚХА өкілдері Мәслихат депутаттарын сайлауды өткізу жайында семинар өткізді.

«Сайлау 37 округ бойынша өтеді. Күнтізбелік жоспары бойынша үміткерлерді тіркеу 23 ақпанда аяқталады. Бүгінде 37 округ бойынша 149 адам үміткер болып отыр. Олардың 116-сы тіркелді. Мәжіліс сайлауына келетін болсақ, партиялық тізімдер шығарылды. 6 саяси партия өз үміткерлерін ұсынды. Барлық ақпарат аумақтық сайлау комиссиясының сайтында жарияланып жатыр», - деді аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Айгүл Халықова.

Оның айтуынша, биылғы Мәслихат сайлауының ерекшелігі Алматының шекарасы кеңеюіне байланысты сайлаушылардың саны да артып отыр. Былтыр тек 950 мың адам дауыс берсе, биыл 1 млн 30 мың адам өз таңдауын жасауға ниет білдіріп отыр.

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны 23 ақпанда аяқталады. Заңға сәйкес мемлекет сайлау науқанына қажетті сома бөлді.

Үміткерлер 114 295 теңге көлемінде міндетті жарна беруге міндеттеледі. Сондай-ақ, үміткердің өзі мен жұбайы салық декларациясын да тапсыруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар