+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Алматыда мәслихат депутаттары ағаш отырғызды

2021 жылғы 6 наурыз 20:38
Бөлісіңіз:
Алматыда мәслихат депутаттары ағаш отырғызды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мәслихатының әйел депутаттары 8 наурыз қарсаңында ағаш отырғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әділет министрі қазақстандықтардың өмірін жеңілдетуге бағытталған заңдар туралы айтты Алматыда полицейлер 8,5 келіден астам есірткі тәркіледі Ақтөбеде қоқыс полигоны өртеніп, ауаға азот диоксиді тарады

Қалалық іскер әйелдер кеңесі мүшелері, БАҚ басшылары, мәслихат депутаттары Көкжиек шағын ауданында жапырақты ағаш көшеттерін отырғызды.

«Осы бастаманы қазақстандық әйелдер қолдап кеткені қуантады. Біз үшін қоршаған ортаның, қаламыздың тазалығы маңызды. Бұл үндеу деп қабылдаңыздар», - деді мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Алтынай Көбеева.

Оның айтуынша, қалада ең көп ластанатын Алатау, Жетісу және Түрксіб аудандары.

Қалалық мәслихаттың депутаттары арнайы жұмыс тобын құрып, жақында экологиялық аудит жүргізеді.

«Мұның алдында қалалық мәслихат Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын бекіткен болатын. Құжаттың басты бағыттарының бірі қаланың экологиялық ахуалын жақсарту болып отыр. Ол үшін ескірген технологияларды қолданатын өндірісті азайтып, жасыл экономика шарттарын қолданатын өндірісті көбейту қолға алынады», - деді мәслихат депутаты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT