+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Алматыда Мәскеудің мәдени күндері өтеді

2019 жылғы 14 қараша 20:51
Бөлісіңіз:
Алматыда  Мәскеудің  мәдени күндері өтеді

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат– Алматыда 15-16 қарашада қалалар арасындағы серіктестік және бауырмалдық қатынастардың 25 жылдығына орайластырылған  Мәскеудің мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ең басты оқиға Мәскеу үкіметінің Экономикалық конференциясы болмақ, оның алдында Алматы қаласының әкімдігі мен Мәскеу үкіметі 2020-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды деп жоспарлануда. Конференцияда болашақ мегаполистерінің инфрақұрылымдық, сонымен қатар қос қаланың экономикалық, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастығының мәселелері қаралатын болады.

Қазақстанның оңтүстік астанасына мәдени бағдарлама аясында үздік мәскеулік ұжымдар концерттерімен, спектакльдерімен келді, жастар құрамалары арасында бокстан турнир өтеді, қала орталығында екі мегаполистің достығына арналған арт-объект ашылады, ал Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Мәскеу мен Алматы арасындағы қарым-қатынастың тарихына арналған сурет көрмесі ұйымдастырылады.

Алматыда Мәскеудің мәдени күндерінің ресми бағдарламасы 15 қарашада, жұма күні 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар атындағы парктегі Даңқ Мемориалына гүл шоқтарын қоюмен басталады.

Мәскеулік делегацияны Мәскеу үкіметінің министрі, сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің басшысы Сергей Черемин бастап келді. Делегацияны Алматы әуежайында қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қарсы алды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Мәдениет, Ресей,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT