Алматыда маска режимі қашан алынады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова брифинг барысында мегаполисте маска режимін алу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Алматы қаласының «жасыл» аймақта болуы коронавирус инфекциясының бесінші толқынын аяқтадық дегенді білдірмейді. Бұл әлі де жалғасып жатыр. Сондықтан бүгінгі күні маска режимін алып тастау мәселесі қарастырылмаған», - деп жауап берді Әсел Қалықова.

Айта кетейік, Алматы 27 ақпаннан бері коронавирус бойынша «жасыл» аймаққа ауысты.

Инфекция жұқтырғандар саны төмендеп келеді.

Мәселен, соңғы тәулікте 68 адамнан коронавирус анықталды.

Барлық емделіп шығарылғандар – 27, келіп түскені – 22.

Инфекциялық стационарларда 283 адам жатыр. Оның 10 бала.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 32 науқас бар.


Соңғы жаңалықтар