Алматыда машина өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Opel Omega» маркалі көлігі өртке оранды. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

«Таңертеңгі 9:14-те Абай мен Клочков көшелерінің қиылысындағы жеңіл көлік өртке оранғаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілердің айтуынша, көлік моторында қысқа тұйықталу болған. Салдарынан 0,3 шаршы метр аумақты алған өрт тұтанды. Өрт 9:37-де сөндірілді»,- деді С. Баймұхамбетова.

Абырой болғанда, ешкім жапа шекпеген.

Соңғы жаңалықтар