Алматыда мас күйінде көлік жүргізген 15 адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматыда «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс шара кезінде 15 мас көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда көлік жүргізу мәдениетін арттыру, жолда көліктік тәртіпті қалыптастыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс шарасы өтуде.

«Алматы көшелерінде жүргізілген рейд барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3 мыңнан астам фактісі анықталды. Маневр ережесін сақтамағандар – 401, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланғандар - 222, қауіпсіздік белбеуін тақпағандар - 219, апаттық жағдай туғызған - 50, бағдаршамның ескерту түсі жанғанда өтіп кеткендер – 19, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу - 6 және мас күйінде көлік жүргізген - 15 адам анықталды. Айта кету керек, рейд барысында инспекторлар профилактикалық және құқықтық жұмыстарға ерекше назар аударды», - дейді Алматы қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Төрехан Исин.

Соңғы жаңалықтар