Алматыда мас күйінде көлік айдаған «Дауыс International» тобының бұрынғы әншісі ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші, тележүргізуші Жадыра Құтпанова мас күйінде көлік айдап келе жатқан жерінде ұсталды.

Әншінің әрекеті жайлы бейнежазба Auto.Lafa.kz порталында жарияланды.

Бостандық аудандық ІІБ полицейлері кеше кешке қарай Саин-Асқаров көшелерінің қиылысында күдік туғызған Infiniti көлігін тоқтатқан. Кейін белгілі болғандай, көлік рулінде тізгінінде «Дауыс International» тобының бұрынғы әншісі, «Еларнада» тележүргізуші болған Жадыра Құтпанова отырған.

Жүргізілген медициналық тексеру барысында, қыздың орта деңгейде мас болғаны анықталды.

Шатақшыл бойжеткен Бостандық аудандық ІІБ алдында шу шығарып, тіпті полицейлердің бірін тістеп, шалбарын жыртып тастаған.

«Ол қасындағы қызды біресе «Кешью» тобының әншісі, қызым деп, біресе университетке түсуге келген сіңлім деп, өз түсініктемесінде әбден шатасты. Кейін тәртіп сақшыларына 20 мың теңге бердім деп мәлімдеді. Ол ақшасы тексеру кезінде көліктің ішінен шықты», - деді полиция қызметкерлері.

Ж. Құтпанованың көлігі айыптұрағына қойылды.

Соңғы жаңалықтар