Алматыда мас күйінде көлік айдаған адам автотұрақтағы 4 көлікті соғып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мас күйінде көлік айдаған адам автотұрақтағы 4 көлікті соғып кетті. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Іс материалдарына сәйкес, И.Золотарев «Volksvagen Golf» маркалы автокөлігін мас күйде тізгіндеп, Әуезов көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. №124 үйге қарама-қарсы келгенде рөлді басқара алмай, автотұрақта тұрған «Pontiak», «Hyundai Н-1», «Mitsubishi Padjero» және «LexusRX 300» маркалы жеңіл көліктерін соққан. Аталған көліктердің иелері салоннан тыс жерде болған.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен И.Золотаревты ҚР ӘҚбК 608-бабының 3-бөлігімен айыпты деп тауып, көлік құралын басқару құқығынан 5 жыл мерзімге айырды. Сондай-ақ, айыпты басқа көлік иелеріне келтірілген шығынды өтеп беретін болды.

Соңғы жаңалықтар