Алматыда мас күйінде көлік айдаған 461 жүргізуші ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматыда жыл басынан бері мас күйінде көлік айдаған 461 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, үш ай ішінде қатардағы бөлімшелерінің қызметкерлері мас күйінде автокөлікті басқарған 460-тан астам жүргізушіні ұстады. Жол ережелерін бұзушыларға кемінде 15 тәулікке қамауға алу және жеті жыл көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде әкімшілік шаралар қолданылды.

«Құқық бұзушылықтың осы түріне қатысты жазаның қатаңдатылғандығына қарамастан, алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік жүргізетін жүргізушілер әлі де бар. Көп жағдайда топтасқан адамдар ішімдікті ішіп алады да, кейіннен үйлеріне көліктеріне отырып барады. Өзінің қылмыстық әрекетімен ол «А» нүктесінен «Б» нүктесіне қауіпсіз жетуге үміттенеді. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей мас жүргізушілердің кінәсінен апаттар орын алады. Мас жүргізушілерді тоқтатып, оларды анықтағанда, дәрі-дәрмектерді іштік немесе бірнеше метр ғана жүрдік деп сендіріп, алдауға тырысады, ал кейбіреулері тұра мағынасында жауапкершіліктен қашып кеткісі келеді»,- деп түсіндірді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Сонымен қатар, ол мас адам рөлде отырса – қылмыскер екенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар