Алматыда мас күйінде бірнеше рет көлік тізгіндеген жүргізуші қамауға алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда мас күйінде бірнеше рет көлік айдап жол ережесін бұзған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізуші кеше түнде Қарасай батыр мен Вольхоская көшелерінің қиылысында ұсталды.

39 жастағы ер адам мас болып шықты.

Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізуші орта дәрежеде 1,51 промилле көлемінде алкоголь қабылдағаны анықталды.

ҚР ҚК 128-бабына сәйкес ол уақытша оқшаулау орнына қамалды.

Былтыр наурызда бұл жүргізуші мас күйінде көлік тізгіндеген кезінде ұсталған. Сот шешімімен 3 жыл көлік жүргізу құқығынан айрылған болатын.

«Бұл оған сабақ болмаған. Құқықбұзушылыққа 1 жыл өтпестен тағы мас күйінде көлік жүргізген. Бұл дерек ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді», - деді қалалық ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.


Соңғы жаңалықтар