+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Алматыда мас ер адам такси жүргізушісіне пышақ салды

2020 жылғы 15 қаңтар 12:09
Бөлісіңіз:
Алматыда мас ер адам такси жүргізушісіне пышақ салды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда мас ер адам такси жүргізушісіне екі рет пышақ салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 12 қаңтарда болған. Зардап шеккен таксист - 33 жастағы азамат Шұғыла ықшамауданындағы тұрғын үй кешендерінің біріне екі баласы бар отбасын апара жатқан. Жолаушылар көліктен түсе бастағанда жүргізуші балалардың бірі салонға құсқанын байқап, оны жуу үшін қосымша ақы сұраған.

«Осыдан кейін жүргізуші мен жолаушы арасында жанжал шығады. Мас ер адам әйелі мен балаларын үйге кіргізіп, ақша алып шығатынын айтқан. Кепілге ол ұялы телефонын қалдырып кеткен. 5-7 минуттан соң әлгі азамат қайта оралып, такси жүргізушісіне пышақпен екі рет соққы жасаған. Сол қолының шынтағы мен ішіне сұғып алған», - деп хабралайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Дәл сол күні осы дерекке қатысты Наурызбай аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады.

Аталған факті бойынша 31 жастағы күдікті ұсталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT