Алматыда мас адамды көлік қағып, бірнеше метрге ұшырып жіберді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы көшелердің бірінде көлік ер адамды қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Қайғылы оқиға Тілендиев және Соқпақбаев көшелерінің арасында шығыс бағытта Рысқұлов көшесінің бойында болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам мас күйінде жолда қоқыс төккен.

BMW көлігінің жүргізушісі оны байқамай, қағып кеткен. Соққының күшті болғаны соншалық, ер адам машинаның алдыңғы әйнегіне ұрылып, ұшқан күйі салонға кіріп кеткен. Алған жарақаты салдарынан сол жерде көз жұмған.  

null 

Соңғы жаңалықтар