Алматыда «марғаулар» байқауы өтуде (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Халықаралық мысықтар көрмесі өтуде. Шараны «Планета кошек» Алматы фелинологиялық орталығы ұйымдастырып отыр.

Қала тұрғындары Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 100-ге тарта алуан түрлі мысықтарды тамашалуда. «Көрмеге 17 тұқымның, атап айтқанда, парсы, қысқа жүнді, мейн-кун, невалық, сиам, бенгаль, шотланд, корниш-рекс, абиссин, петерболд, канадалық сфинкс тұқымының мысықтары қойылды. Қатысушылардың дені Қазақстандық мысықтар. Олардың тұқымының тазалығын анықтауға Ресей мен Бельгиядан сарапшылар шақыртылды. Олар аталған мысықтардың тұқымдық стандартына сәйкестігін анықтауда», - деді орталықтың вице-президенті Наталья Тарасенко. Ұйымдастырушылардың айтуынша, екі күнге созылатын көрмеде мысықтар тұқымдық сараптаудан басқа, Аджилити сынағы - кедергілер арқылы жүгіруден бақ сынасады. «Сондай-ақ, біз көрмедегі ең сүйкімді марғауды анықтаймыз. Додадан оза шыққан мысықтарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталады», - деді орталықтың вице-президенті Н.Тарасенко. Айта кетейік, «Планета кошек» Алматы фелинологиялық орталығының құрылғанына биыл 13 жыл толады. Орталық мұндай көрмелер мен сайыстарды жылына екі рет өткізіп тұрады.

Соңғы жаңалықтар