Алматыда марафон болатын күні бірқатар жол жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүгіру марафоны өтетін күні бірқатар жол жартылай жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұйымдастыру комитетінің айтуынша, марафон 25 қыркүйек таңғы сағат 6:00-ден 26 қыркүйек кешкі 18:00 –ге дейін өтеді. Осы уақытта іс-шара өтетін жолдар бойында көліктер үшін қозғалыс шектеледі.

Жоспар бойынша, Сәтпаев көшесі 25 қыркүйек сағат 9:00-дан 26 қыркүйек 18:00-ге дейін Желтоқсан көшесінен Наразбаев даңғылына дейінгі жол қозғалысы толықтай жабылады.

26 қыркүйек:

Назарбаев даңғылы бойында Сәтпаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін қозғалыс 04:30-дан 12:00-ге дейін толықтай жабылады.

Әл-Фараби даңғылы бойында Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін қозғалыс 04:30-дан 09:30-ға дейін толықтай жабылады.

Әл-Фараби даңғылы бойында Назарбаев даңғылынан Шашкин көшісіне дейін қозғалыс 04:30-дан 12:00-ге дейін жартылай жабылады, даңғылдың оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Әл-Фараби даңғылы бойында Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 13:30-ға дейін жартылай жабық болады, даңғылдың оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Саин көшесі бойында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін қозғалыс 04:30-дан 13:30-ға дейін жартылай ашық болады, көшенің батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Абай даңғылы бойында Саин көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 14:00-ге дейін жартылай жабық болады, көшенің солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Байтұрсынұлы көшесі бойында Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 14:00-ге дейін толықтай жабық болады.

Сәтпаев көшесі бойында Байзақов көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.

Сәтпаев көшесі бойында Байтұрсынұлы көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 14:00-ге дейін толықтай жабық болады.

Байзақов көшесі бойында Тимирязев көшесінен Сәтпаев көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.

Тимирязев көшесі бойында Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.

Шашкин көшесі бойында Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.

Деректер жүгіруге қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.

Естеріңізге салып кетейік, 26 қыркүйек күні оныншы мерейтойлық «Алматы марафоны» өтеді. Спорт әуесқойларына келесі қашықтықтар берілген: 10 шақырым, 21,1 шақырым, 42,2 шақырым, Экиден командалық эстафетасы, 10 шақырым скандинавиялық жүріс.

Қатысушылардың жас мөлшері: 10 шақырым және 10 шақырым скандинавиялық жүріс – 15 жастан бастап, 21,1 шақырым және 42,2 шақырым қашықтықтарына – 18 жастан бастап, Экиден командалық эстафетасына – 16 жастан бастап.


Соңғы жаңалықтар