Алматыда манипулятор басып қалған 3 адамның жағдайы мүшкіл

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы дәрігерлері ауыр техника астында қалған үш адамның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«53 жастағы әйел мидың ауыр жарақатымен түсті. Субарахноидалды қан кеткен. Оң жақ иығының астыңғы тұсы ашық сынған. Кеуде қуысының жабық жарақаты бар, оң жағында 10 қабырға сынып кеткен, травматикалық шоктың үшінші дәрежесінде түсті. Шұғыл ота жасалған. Пациенттің жағдайы өте ауыр. Комада жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
49 жастағы екінші әйел пациенттің миы жарақаттанған. Сол жақ жамбас сүйегінің шашыраңқы сынған, сол жақ асықты жілігінің буыны сынып кеткен. Тағы да басқа жарақаттары бар. Бұл әйелдің жағдайы да ауыр. Бірақ есін біледі.
Үшінші пациент 32 жастағы ер адам ауыр ми жарақатымен, самай сүйегінің сынығымен түсті. Қазір онда пневмоцефолия, ашық шашыраңқы сынық бар. Сол жақ асық жілігінің терісі жыртылған. Шұғыл ота жасалды. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Бірақ есін біледі»,- деді №7 қалалық клиникалық ауруханасының жан сақтау бөлімінің меңгерушісі Есенай Еспенбетов.

Еске сала кетсек, оқыс оқиға бүгін «Әйгерім» шағын ауданында болған. Манипулятор кранның тіреуі тайып кетіп, ауыр техника көшеде кетіп бара жатқан үш адамды басып қалды.

Соңғы жаңалықтар