Алматыда мамандар ТЖ кезінде балаларды қалай құтқару керектігін айтты

None
None
АЛМАТЫ. КАЗАҚПАРАТ - Орталық Азия елдерінің төтенше жағдай өкілдері Алматыда төтенше жағдайдан балалардың зардап шегу қатері жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандар осы бағыттағы мемлекетаралық байланысты жетілдіру мәселесін талқылады.

Төтенше жағдайлар орталығы басшысының орынбасары Жарғалбек Укашевтің айтуынша, табиғи апат кезінде ең көп зардап шегетін тұлғалар - әйелдер мен балалар, қарттар екен. Көбінесе  балаларға ерекше қауіп қатер төнеді. Жасыратыны жоқ, негізі олардың басым бөлігі қауіп-қатерге назар аудармайды, апат кезінде дұрыс іс-қимыл жасай алмайды.

Тренинг қатысушылары екі күн бойы  көлемді түрдегі ТЖ кезіндегі хабар тарату және Орталық Азия елдері аумағындағы  балаларға төнетін қауіпті алдын алу үшін мемлекетаралық стандарттар мен нормаларға сәйкес білімін жетілдіретін болады.

«Әр мемлекетте  аймақтық деңгейде шаралар өткізіп тұруға тырысамыз. Сол жерде мамандар қауіп-қатердің төмендеуі және балалар қажеттілігі жайлы өз тәжірибелерімен бөліседі. Орталық өкілдері балалармен жұмыс тәсілдерін дамытуда. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Орталық Азия елдеріндегі балаларының қатысуымен «Жас құтқарушы» клубы балалар арасында аймақтық деңгейде ЮНИСЕФ- пен біріге отырып жарыс ойындары ұйымдастырылды»,- деді Ж.Укашев.

Бұл тренингке Орталық Азия мемлекеттерінің Төтенше жағдайлар саласының уәкілетті өкілдері, БҰҰ өкілдері, Қазақстанның халықаралық  Қызыл крест және Қызыл жарты ай ұйымы мамандары қатысады.

Бұл орталық екі жыл бұрын ғана ашылған. Осы уақыттың ішінде 40-тан аса халықаралық тренинг, семинар, оқу-жаттығу және арнайы кездесу өткізіп үлгерді. Барлық кездесулерде БҰҰ құрылымы құрамындағы халықаралық ұйымдар қатысып келеді.

Соңғы жаңалықтар