Алматыда мамандандырылған үш ХҚО ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мамандырылған тағы үш халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылдың соңынан бастап Алматыда «Алматы - адалдық алаңы» атты жемқорлыққа қарсы жаңа жоба іске қосылған. Оның мақсаты - барлық аймақтарда жемқорлықты жойып, тұрғындардың өмірін жайлы ету.

Сондықтан, жұмыстың алғашқы қадамы - корпорацияның, яғни «Азаматтарға арналған үкімет» қызметін жетілдіру, атап айтқанда жүргізуші куәлігін беріп, автокөліктерді тіркейтін мемлекеттік қызметтің провайдеріне айналған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын ашу.

Осыған дейін жұмыс істеген екі мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қаладағы және қала шетіндегі аймақтарға қызмет көрсетіп, үлкен кезектер қалыптасты. Сондай-ақ, өз қызметін ұсынатын делдалдар пайда болған еді.

Енді қалада бұрынғы екі ХҚО-дан бөлек қаланың бірнеше ауданынан тағы үш орталық ашылды. Олардың ерекшелігі - ыңғайлы жерлерде орналасқан.

«Енді жүргізуші куәлігі мен сұранысқа ие нөмірлерді алу үшін арнайы делдалдарға жүгінудің қажеті жоқ. Барлық қызмет орнатылған жұмыс регламентіне және мемлекеттік стандартқа сәйкес құжаттармен жүргізіледі», - дейді жобалау кеңсесінің басшысы Александр Братенков.


Еламан Тұрысбеков

Соңғы жаңалықтар