Алматыда мамандандырылған ХҚО-ның 5 қызметкері жұмыстан шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қалалық филиалында соңғы 9 айда 227 әкімшілік хаттама толтырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік корпорация құқық бұзушылықтардың алдын-алу үшін қызметкерлер арасында жиі тексеріс жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде бүгін Алматы қаласындағы мамандандырылған ХҚО-да ішкі істер органдарының қызметкерлері заңсыз ақшалай қаражат алды деген күдікпен фронт-офистің екі инспекторын ұстады.

Сондай-ақ, биыл он ай ішінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бұзу бойынша 29 дерек анықталды. 36 жұмысшы тәртіптік жазаға тартылып, 5 жұмысшы жұмыстан шығарылды.

«Көліктерді тіркеу мерзімін қысқарту және қызметті алу барысында адами фактор болмас үшін электрондық үкімет порталында жүргізуші куәлігін ауыстыру және автокөлікті тіркеу қызметтерін онлайн тәртіпте алу мүмкіндігі енгізілді», - делінген Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар