Алматыда малды тек белгіленген жерде сату керек
2018 жылғы 21 тамыз 11:26

Алматыда малды тек белгіленген жерде сату керек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полицейлері рұқсат етілмеген жерлерде мал сатуға тыйым салынатынын ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы Алматы қаласы бойынша Құрбан айт мейрамы кезінде құрбандық малын сату үшін үш нүкте белгіленгенін хабарлады. Олар:

1. «Ic-commerse» ЖШС-ның малды сою пункті. Мекенжайы: Жетісу ауданы, Полежаев көшесі, 93 А үй.

2. «Таусамалы» базары. Мекенжайы: Наурызбай ауданы, «Таусамалы» шағын ауданы, Қонаев көшесі, 2 үй.

3. «ДИ» кешенінің маңындағы алаң. Мекенжайы: Наурызбай ауданы, Жандосова көшесі, 2 үй.

Алматы қалалық ІІД Жергілікті полицей қызметі басшысының орынбасары Төрехан Исин малды белгіленбеген жерлерде сату сауда жасаудың рұқсат етілмеген түріне жататынын айтты. Мұндай әрекет жасаған азаматтар ҚР әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Jańalyqtar

MURAǴAT