Алматыда Magnum-ның 7 супермаркеті тоналды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда Magnum-ның 7 супермаркеті тоналды. Сонымен қатар тағы жеті дүкенге шабуыл жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеті дүкен толығымен тоналды. Сонымен қатар тағы 7 дүкенге шабуыл жасалып, жартылай зардап шекті. Өкінішке орай осыдан кейін еш байланыс болмай тұр», - деді Magnum компаниясының PR-менеджері Дмитрий Шишкин.

Оның атап өтуінше, бұл 6 қаңтар күні таңғы сағат 4-те Алматыдағы тонаулардан кейін қолға түскен барлық ақпарат. Келген шығын әлі есептелінбеген. Алматыдағы компанияның барлық дүкендері жабық.

Ал компанияның астанадағы супермаркеттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

«Барлығы жұмыс істеуі үшін тырысып жатырмыз. Терминалдарға қатысты түсініксіз жайт орыл алуда. Байланыс бірде болып, бірде болмай тұр. Адамдар мүмкіндігінше қолма-қол ақшамен келгені жөн», - деді Дмитрий Шишкин.

Magnum желісінің Қазақстан бойынша 184 дүкені бар. Ең көбі Алматы (50-ден астам) мен Нұр-Сұлтан (40-тан астам) қалаларында орналасқан.


Соңғы жаңалықтар