Алматыда Мәдениет басқармасын кинопродюсер басқаратын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Мәдениет басқармасының басшылығына кинопродюсер тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі.

Бұл қызметке Эрнар Құрмашев тағайындалды.

Продюсер, CGI, VFX-продюсер Эрнар Құрмашев 1984 жылы 18 желтоқсанда дүниеге келген.

Ол 2009 жылы Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ инженер мамандығы бойынша бітірген.

2009 жылы New York Film Academy оқу орнында Universal Studios Hollywood базасында filmmaking мамандығы бойынша тәжірибеден өткен.

Қазақстандағы Kazakhstan Computer Graphics компьютерлік графика студиясының құрылтайшысы Эрнар Құрмашев 2008 жылы «Подарок Сталину» фильмінде CGI-продюсер болған.

2008-2009 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында атқарушы продюсер болып қызмет істеген.


Соңғы жаңалықтар