Алматыда люк қақпағын ұрлау қылмысын әшкерелеген азаматтарға сыйақы беріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы кәріз құдықтарының шойын қақпақтарын ұрлау фактілері туралы хабарлаған адамдарға сыйақы  беріп тұрмақ.  Бұл туралы  қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жыл басынан бері 35 люк қақпағы ұрланған. Оның 18-і ізі суымай ашылды.

"Кәріз жүйесінің шойын қақпақтары коммуналдық меншікке жатады. Оны ұрлаған адам ҚР ҚК 188-бабы бойынша жазаланады.

Сонымен қатар, көліктер шұңқырға түсіп кеткен жағдайда жол апаты болуы әбден мүмкін. Ұрланған затты сатумен айналысатындарға да қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Заң бойынша олар ұрланған люк қақпақтарын қабылдамауы керек», - деді ІІД  ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция кәріз қақпақтарын ұрлау және қабылдау фактілері туралы білетін азаматтарды  254-40-07; 8-707-500-59-06 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды. Бей-жай қалмаған әр адамға сыйақы беріледі.

Фото: om-saratov.ru

Соңғы жаңалықтар