+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Алматыда «Louis Vuitton» брендімен жалған сөмкелер жасалған

2019 жылғы 11 қазан 11:34
Бөлісіңіз:
Алматыда «Louis Vuitton» брендімен жалған сөмкелер жасалған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Экономикалық тергеу департаменті «Louis Vuitton Malletier» танымал брендінің жол сөмкелерін заңсыз жасап келген цехті анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«17 қыркүйекте Алматы қаласы аумағында жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде контрафактілік жол сөмкелерін жинайтын цех, қойма және оны өткізетін 3 сауда нүктесі әшкереленді», - делінген мәліметте.

Тексеру барысында «Louis Vuitton Malletier» брендінің жалған 927 жол сөмкесі, сондай-ақ оны жинауға арналған құрылғылар табылып, тәркіленді.

Күдікті адамға қатысты ҚР ҚК-нің 222-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.

2019 жылдың 28 қыркүйегінде ҚР ҚПК-нің 528-бабына сәйкес қылмыстық іс Алмалы аудандық сотының қарауына жолданды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT