Алматыда ломбард тонағандар ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ломбардқа қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 20 жастағы екі жігіт Алматыдағы ломбардтарды бірнеше рет тонады деген күдік бар. Екеуі де бұрын тонау әрекеті үшін жауапқа тартылған.

«Күдіктілер Абай мен Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы ломбардқа шабуыл жасаған. Пневматикалық қарумен, пышақпен қаруланған жігіттер кассирді қорқытып, 8 ұялы телефон, айпад, 71 мың теңгені алып кеткен. Алайда ұрлаған заттарын пайдаланып үлгермеді. Айғақ заттар Түрксіб ауданындағы жеке үйлердің бірінің ауласынан табылды. Күдіктілер заттарды жерге көміп қойған», - деді ІІД криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Қазір ұсталғандар қамауға алынды.

Осы іске қатысты таратылған мәліметтерден белгілі болғандай, Әуезов ауданындағы ломбардты тонамас бұрын олар Алмалы ауданындағы ломбардты тона,ан.

Соңғы жаңалықтар