Алматыда ломбард тонаған ер адам қолға түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жаңа жылда Алматыдағы ломбардтардың біріне қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңертеңгі 11-лер шамасында ер адам «Орбита» шағын ауданындағы ломбардқа басып кіріп, алтын бұйымдар мен макбук, ұялы телефонды ұрлап кеткен.

Полиция күдіктіні ұстады.

«Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адам ұсталды. Жұмыссыз. Тергеу кезінде ломбардты тонауды бұрыннан жоспарлап жүргенін мойындаған. Бұған дейін де өзі алтын бұйымдарды өткізіп келген. Ол ұзақ уақыт бойы нысанды бақылаған. Қазір тоналған заттар ішінара қайтарылды. Күдікті ер адам уақытша оқшаулау орнына қамалды», - деді Бостандық аудандық ІІБ басшысы, полиция подполковнигі Жанболат Зиадин.

Соңғы жаңалықтар