Алматыда логистика нарығына арналған көрме өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Логистика нарығына арналған көрмеге Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Латвия, Литва, Ресей және Украина елдерінің 70-тен астам компаниясы қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрмеге латвиялық және эстондық ұлттық стендтер қойылды, онда компания өкілдері өз қызметтерін, Қазақстанның әлеуетті серіктестеріне арналған жаңа жабдықтары мен инновациялық технологияларын таныстырды.
Көрме экспедиторлық компаниялармен және көлік құралдарының иелерімен тікелей байланыс жасау есебінен кез келген коммерциялық жүктерді жеткізуді оңтайландыруға, көлік-логистикалық тізбектерді құру және өзара тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізу үшін сенімді серіктестер табуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар «Көлік және логистика нарығы» атты халықаралық конференция өтіп жатыр.
Шараның стратегиялық сессиясында «Көлік секторы. Пандемия жағдайында қайта жүктеу» тақырыбы көтерілмек.
Көрме 13-15 қазанға дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар