+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыда лифттен құлаған жігіттің 7 қабырғасы сынған

2018 жылғы 13 тамыз 16:30
Бөлісіңіз:
Алматыда лифттен құлаған жігіттің 7 қабырғасы  сынған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы дәрігерлері лифт шахтасына құлап ауыр жарақат алған ер адамның жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

34 жастағы Тоғжанов Ринат ауруханаға 7 тамызда таңғы 9:40-та түскен.

«Науқас ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен. Қабылдау бөлімінде оған қосарлас жарақат: ми шайқалуы, кеуде қуысының жабық жарақаты, сол жақ 4-10- ға дейінгі қабырғаларының сынығы (гемопневмоторекспен асқынған) іш жарақаты, көкбауырдың жыртылуымен, асықты жіліктің сынығымен түскен. Ауыр жағдайдағы науқасқа шұғыл түрде лапоратомия, спинэктомия, іш қуысының дренирлі санациясы, Белау бойынша плювральды қуыс дренирлеу жасалды», - деді № 7 аурухананың политравма бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Арман Байболов.

null Дәрігердің айтуынша, жігіт отадан соң 3 күн жансақтау бөлімінде жатқан.

«Оған гемотрансфузия жасалды. Жағдайы қазір орташа дәрежеде», - деді дәрігер.

Жалпы алғанда Ринаттың 7 қабырғасы, бел омыртқасының көлденең өскіндері, асықты жілігі сынған. Жыртылған көкбауыр келе салысымен алынып тасталды.

Ер адам қазір сөйлеп, тамақ іше алады.

Жақын арада жіліншігі мен оң жақ білегінің сүйегіне остеосинтез жасалады.

«Асықты жілікті де остесинтезге дайындап жатырмыз. Яғни, сүйекті пластинаға жинайтын боламыз»,- деді маман.

Айта кету керек, оқыс оқиға 7 тамызда «Ақбұлақ» шағынауданындағы №27 үйде болған.

nullnull

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT